Eмле ережелер. VIII тарау
Шеттілдік сөздер емлесі
§76. Шеттілдік бірқатар сөздер түпнұсқасына ұқсас жазылады, оларға қосымша буын үндестігіне сәйкес жалғанады: moderator (-dyń, -y, -ǵa, -lar), marker (-diń, -i, -ge, -ler), stepler (-diń, -i, -ge, -ler), vaýcher (-diń, -i, -ge, -ler), sýpervaızer (-diń, -i, -ge, -ler), banknot (-tyń, -y, -qa, -tar), bankomat (-tyń, -y, -qa, -tar), planshet (-tiń, -i, -ke, -ter), onlaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), oflaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), dızaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), barmen (-niń, -i, -ge, -der), resepshn (-niń, -i, -ge, -der), skrınshot (-tyń, -y, -qa, -tar), blokbaster (-diń, -i, -ge, -ler).
§77. Бірқатар кірме сөздер айтылуы бойынша жазылады: taýar, nómir, poshta, kástóm, pálte, poıyz, sıez, slesir, vedimis, vedimistik, ketchúp.
§78. ё әрпі о́ әрпімен таңбаланады. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады: manо́vr (-diń, -i, -ge, -ler), brýselо́z (-diń, -i, -ge, -der), aktór (-diń, -i, -ge, -ler), amóba (-nyń, -ny, -ǵa, -lar), dırıjо́r (-diń, -i, -ge, -ler), rejısо́r (-diń, -i, -ge, -ler).
§79. ц әрпі және сц әріп тіркесі s әрпі арқылы жазылады: sırk, sement; desımetr, proporsıonal, kvars, korporasıa, senarı, abses, plebısıt.
§80. щ әрпі sһ әрпімен жазылады: ýchılıshe, praporshık, borsh, shı (тағам). borsh, shı (щи, название еды).
§81. э әрпі е әрпімен жазылады: element, elevator, poetıka, koefısent.
§82. ю әрпі ú әрпімен жазылады: parashút, absolút, glúkoza, debút, prodúser, lúks, valúta, búdjet, búro, sújet, búleten, fúchers, kompúter, tútor, konúktýra, konúktıvıt. Қосымшалар соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады.
§83. я әрпі а́ әрпімен жазылады: zarа́d, knáz, narád, razrád, grıláj. Қосымша §16 бойынша жалғанады.
Е с к е р т у. и (ı) әрпінен кейін тұрған я-ның орнына а жазылады : aksıa, alergıa, hımıa, gımnazıa.
§84. Жіңішкелік белгісі (ь) бар буынға жіңішке дауыстылардың əрпі жазылады, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады (ь) ескерілмейді: аlkogó l (-diń , -i, -ge, -der), аnsá mbl (-diń , -i, -ge, -der), asfá lt (-tiń , -i, -qa, -ta), á lbatros (-tyń , -y, -qa, -tar), á lbom (-nyń , -y, -ǵ a, -dar), á lfa (-nyń , -ǵ a), á lmanah (-tyń , -y, -qa, -tar), á lpınıs (-tiń , -i, -ke, -ter), á lt (-tiń , -i, -ke), á lternatıv (-tiń , -i, -ke, -ter), á ltron (-nyń , -y, -ǵ a, -dar), bá lzam (-nyń , -y, -ǵ a, -dar), bataló n (-niń , -i, -ge, -der), bú ldog (-tyń , -y, -qa, -tar), bú ldozer (-diń , -i, -ge, -ler), dú bl (-diń , -i, -ge, -der), gó lf (-tiń , -i, -ke, -ter), gаstró l (-diń , -i, -ge, -der), kú lt (-tiń , -i, -ke), kоbá lt (-tiń , -i, -qa, -tar), kоró l (-diń , -i, -ge, -der), medaló n (-niń , -i, -ge, -der), mú ltfılm (-niń , -i, -ge, -der), ó s (-tiń , -i, -ke, -ter), pá lma (-nyń , -sy, -ǵ a, -lar), parо́l (-diń , -i, -ge, -der), pú lt (-tiń , -i, -ke, -ter), roıál (-diń , -i, -ǵ a, -dаr), rú bl (-diń , -i, -ge, -der), sırkú l (-diń , -i, -ge, -der), vá ls (-tiń , -i, -ke, -ter), vestıbú l (-diń , -i, -ge, -der), vó lfram (-nyń , -y, -ǵ a, -dar), vó lt (-tiń , -i, -ke), fakú ltet (-tiń , -i, -ke, -ter), festıvá l (-diń , -i, -ǵ a, -dаr), fó lklor (-dyń , -y, -ǵ a, -lar).
Е с к е р т у.Жіңішкелік белгісі (ь) тұрған буында e, i əріптері болса, бұл белгі ескерілмейді: bron (-nyń, -y, -ǵa, -dar), monastyr (-dyń, -y, -ǵa, -lar), gýash (-tyń, -y, -qa, -tar), týsh (-tyń, -y, -qa, -tar).
§85. Айыру белгісі (ъ) ескеріл- мейді, қосымшалар соңғы буын үндесіміне сәйкес жалғанады: sýbekt, оbekt, ıneksıa, feldeger, adektıv .
§86. -тч ріп тіркесімен аяқталатын сөздердегі -т əрпі түсіріліп жазылады: skoch, skech, mach .§87.дж әріп тіркесі бар сөздерде д әрпі түсіріліп, қосымшалар үндестік заңы бойынша жазылады: menejer (-diń, -i, -ge, -ler), jınsy (-nyń, -sy, -ǵa, -lar), jentіlmen (-niń, -i, -ge, -der).
Е с к е р т у. -дж әріп тіркесінің арасынан буын жігі өтетін және сөз мағынасы өзгеретін жағдайда d әрпі сақталып жазылады: búdjet, lodjy.
§88. Сөз соңындағы қайталанған қосар әріптің біреуі түсіріледі: klas (-tyń, -y, -qa, -tar), hol (-dyń, -y, -ǵa, -dar), bal (-dyń, -y, -ǵa,-dar).
§89.Сөз ортасындағы қайталама сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу дыбыстарын білдіретін әріптердің бірі түсіріліп жазылады: patıson, komısar, resor, profesor, prosesor, asonans, dısonans, dısıdent; gramatıka, komýna, ımýnogen, ımıgrant, programıs, mamologıa, sımetrıa, amıak, anagram, kardıogram; metalýrgıa, elıps, elınızm, kolej, sılabýs, koloıd, bılıard, brýselóz, talı, kolokvıým, trıler, alofon, troleıbýs, alúzıa; kotej, atestat; efekt, efýzıa, afekt, afrıkat, koefısent; týnel, aneksıa, anotasıa, baner, tenıs, konotat; abrevıatýra, gıbon, korespondent, popýrı, sparıń, korektor, korozıa, presýpozısia, aparatýra, aplıkasıa, ıpodrom, opozısıa, oponent; aglútınatıv, sýgestıa; adıtıv; akaýnt, akord, akredıtasıa, hokeı, ındıvıdým.
Е с к е р т у. Сөз мағынасы өзгеретін жағдайда сс, мм, лл, тт, нн, бб, рр, пп, дд, кк әріптері сақталып жазылады: esse, mass-medıa, massa; sammıt, ballada, mıllıgram; getto, nettо; tonna, vanna; súrrealızm, ırrasıonal, ırreal; trýppa; býdda, býddısm; ekker.
§90. ий-мен аяқталған сөздердің соңында бір ғана ı әрпі жазылады: kalı, alúmını, natrı, kafeterı, komentarı, realı.
§91. Шеттілдік сөздердің соңындағы a әрпі сөз мағынасына әсер етпеген жағдайда түсіріліп жазылады. Қосымшалар соңғы буынға үйлесіп жалғанады: kordınat (-tyń , -y, -qa, -tar), kapsý l (-dyń , -y, -ǵ a, -dar), kardıogram (-nyń , -y, -ǵ a, -dar), fonem (-niń , -i, -ge, -der), morfem (-niń , -i, -ge, -der), leksem (-niń , -i, -ge, -der), orfogram (-nyń , -y, -ǵ a, -dar). Бірақ matematıka, pedagogıka, statıstıka, mehanıka болып жазылады.
§92. -cт, -сть əріп тіркестеріне біткен сөздердің соңғысы (лары) түсіріліп жазылады, қосымшалар үндестік заңына сəйкес жалғанады: ekonomıs (-tiń , -i, -ke, -ter), komýnıs (-tiń , -i, -ke, -ter), manıfes (-tiń , -i, -ke, -ter), týrıs (-tiń , -i, -ke, -ter), poves (-tiń , -i, -ke, -ter).
§93. p, h əріптеріне аяқталған шеттілдік сөздерге тəуелдік жалғауы жалғанғанда, p, h əріптері ұяңданбайды жəне қосымшалар жуан жалғанады: arhetıp – arhetıpi, stereotıp – stereotıpi, sheıh – sheıhy, shtrıh – shtrıhy; seh (-tyń , -y, -qa, -tar), sheıh (-tyń , -y, -qa, -tar), shtrıh (-tyń , -y, -qa, -tar).
§94. -ог әріп тіркесімен аяқталатын сөздерге қосымшалар жуан жалғанады: pedagog-tar, pedagog-y, dıalog-tar, dıalog-y, еkolog-tar, еkolog-y.
§95. -рк, -рг, -кс, -лк, -кл, -нк əріп тіркестеріне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке жалғанады: ocherk (-tiń , -i, -ke, -ter), hırý rg (-tiń , -i, -ke, -ter), metalý rg (-tiń , -i, -ke, -ter), polk (-tiń , -i, -ke, -ter), sıkl (-diń , -i, -ge, -der), bank (-tiń , -i, -ke, -ter), tank (-tiń , -i, -ke, -ter).
§96. -кт, -ск, -нкт, -пт, -мп, -мб, -фт әріп тіркесіне бі- тетін сөздерге қосымша y, i дәнекері арқылы, ал -кт, -ск, -нкт сияқты құрамында к әрпі барларына тек жіңішке, басқаларына соңғы буын үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке жалғанады: faktige, faktisi; obektige, obektisi; dıskige, dıskisi; pýnktige, pýnktisі; akseptige, akseptisi; Olımpige, Olımpisi, rombyǵа, rombysy; shrıftige, shrıftisі.
§97. Сөз соңындағы -нг әріп тіркесі ń әрпімен жазылады, қосымшалар үндестік заңына сәйкес жалғанады: parkıń (-niń, -ge, -i, -der), boýlıń (-niń, -ge, -i, -der), brıfıń (-niń, -ge, -i, -der), reıtıń (-niń, -ge, -i, -der).
§98. Ағылшын тіліндегі түпнұсқасында w әрпімен басталатын кейбір сөздер ý әрпімен жазылады: ýаtsap, ýıkı, ýıkıpedıa, ýeb-saıt.
Дерек көзі: Egemen Qazaqstan