Eмле ережелер. IX тарау
Сөздердің тасымалдануы
§99. Сөз буын жігіне сәйкес тасымалданады: oqý-shylar, oqýshy-lar; bel-sendi, belsen-di; beı-bitshilik, beıbit-shilik, beıbitshi-lik, qı-yn, bý-yn.
§100. Буын й мен у дауыссыздарынан басталғанда da-ýys (daý-ys емес), sa-ýat (saý-at емес), da-ıyndyq (daı-yndyq емес), qu-ıyn (quı-yn емес) түрінде тасымалданады.
§101. Сөз ішінде үш дауыссыз дыбыс қатар келгенде, сөздің түбірі сақталып тасымалданады: kúńgirt-teý (kúńgir-tteý емес), jańǵyrt-ty (jańǵy-rtty емес).
§102. Біріккен және кіріккен сөздер буын жігімен тасымалданады: de-malys, dema-lys (dem-alys емес); kó-goraı, kógo-raı (kóg-oraı емес).
§103. Бір буынды сөздер тасымалданбайды: aı, kún, vólt, kvars, pýnkt.
§104. Сөздің жеке әрпі сол жолда қалдырылады, келесі жолға тасымалданбайды: ara (a-ra, ar-a емес), aıaq (a-ıaq емес), alaqan (a-laqan емес).
§105. Бас әріптен қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды: AQSh, TMD, BUU.
§106. Кісі есімінің қысқартылған әрпі мен кісінің тегі тасымалданбайды: A.Baıtursynuly, B.Momyshuly, Ǵ.Mustafın, Á.Kekilbaı.
§107. Цифрлармен келген қысқарған өлшем бірлік атаулары және шартты таңбалар тасымалданбайды: 25 ga (25-ga емес), 50 sm (50-sm емес), 50% (50-% емес).
Дерек көзі: Egemen Qazaqstan