Eмле ережелер. VII тарау
Қысқарған сөздер емлесі
§73. Басқы әріптерінен қысқарған күрделі атаулар бас әріппен жазылады: EQYU (Eýropadaǵy qaýipsizdik jáne yntymaqtastyq uıymy); AQ (Aksıonerlik qoǵam); AAQ (Ashyq aksıonerlik qoǵam); JShS (Jaýapkershiligi shekteýli seriktestik); DDSU (Dúnıejúzilik densaýlyq saqtaý uıymy). Қосымшалар қысқарған сөздің айтылу заңдылықтарына сәйкес дефис арқылы жазылады: EQYU-ǵa; ЕO-ǵa; JShS-nyń, JShS-ǵa; AQ-nyń; DDSU-ǵa; TMD-ǵa, MKK-ge. Бірақ AQSh-qa деп жазылады.
§74. Ағылшын тіліндегі атауы бойынша қысқарған әлемдік мәртебесі жоғары халықаралық ұйым атаулары түпнұсқа тіліндегідей жазылады: UNESСO, USAID, NATO, EXPO. Қосымшалар қысқарған сөздің айтылуына қарай дефис арқылы жалғанады: UNESСO-nyń, -ǵa; USAID-tyń, -qa; NATO-nyń, -ǵa; EXPO-nyń, -ǵa.
§75. Аралас қысқарған сөздер төмендегідей жазылады: QazUÝ (Qazaq ulttyq ýnıversıteti); Eýroodaq (Eýropalyq odaq). Қосымшалар соңғы буынға үндесіп жалғанады: QazUÝ-dyń, -ǵa; Eýroodaq-tyń,-qa.
Дерек көзі: Egemen Qazaqstan