Eмле ережелер. І тарау

Әріптер емлесі

Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі

Дауысты дыбыстарды таңбалайтын әріптер: a, á, о, о́, у, і, u, ú, е.

§1. а, е, у, і әріптері сөздердің барлық буынында жазылады: ana, baqyt , shaǵala, balapan, bota, bolashaq; еlik, egemendik, elgezek, qurmet, kórkem; yqpal, yrys, mysal, jańǵyrý, baqsy, jaqsy; irgeli, irimshik, bilim, izgilik, кishipeıil, senim.

§2. а́, о, о́, u, ú әріптері төл сөздің басында жазылады: ádis, álem, sán, dán, mádenıet, báıterek; ozyq, ońtaıly, qoǵam, torsyq; óris, ómirsheń, kósem, bórik; utymdy, ustaz, qujat, tumar; úrdis, úkimet, júıe, túbegeıli. Кірме, шеттілдік сөздердің екінші, үшінші буынында да жазылады: sirá, kiná, kýá, ińkár, kúmán, shúbá, zámzám, dúdámal; bulbul, maǵlumat, samuryq, májbúr, dúldúl, dástúr, manо́vr, montо́r, parashút, absalút, festıvál, kоbált, banknot, alkogól, vestıbúl.

j, sh мен ı әріптерінің ортасында келген а дыбысы жіңішке айтылғанымен, а әрпі жазылады: jaı, jaılaý, jaıly, shaı, shaılyq.

Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі

Дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптер: b, d, f, g, ǵ, h, ι, j, k, l, m, n, ń, р, q, r, s, t, v, ý, z, sh, ch.

§3. b, g, d, f, h, j, к, l, m, n, p, q, r, s, t, v, z, sh, ch және ı, ý (§6-ны қараңыз) әріптері сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады: baılyq, kóbelek, arab; gúl, kógal, pedagog; dáýlet, baǵdar, asteroıd; fılosofıa, múftı, paragraf; hıkaıa, qahar, tarıh; jospar, ereje, muqtaj; kúmis, shekpen, berik; lebiz, alash, táýekel; máńgilik, qaımaq, ǵalym; namys, kóne, dastarqan; parasat, kópir, talap; qurmet, maqtanysh, bolashaq; ras, ertegi, ómir; saıasat, kelisim, aıtys; tabıǵat, qatal, sáýlet; vırýs, avtor, rezerv; zerde, bilezik, qundyz; shańyraq, búrshik, qylysh; chempιon, kaýchýk, senvıch; ıá, qaıyń, saı; ýaqyt, áleýmet, taý. Ashshy, tushshy, keshshe сөздерінде екі sh әрпі қатар жазылады.

§4. ǵ әрпі сөз басы мен ортасында ғана жазылады: ǵarysh, aǵash, samǵa.

§5. ń әрпі сөз ортасы мен соңында ғана жазылады: mórtańba, eńbek, tańerteń, meń, zań.

ı, ý әріптерінің емлесі

§6. ı, ý әріптері дауыссыз дыбыс ретінде таңбаланады: aı, úı, oıshyl, ıaǵnı, qoıan, saıa, ıod, faıl, aıkıdo, mezozoı, ýaǵyz, ýaqyt, aý, sáýkele, demeýshi, qaýyn, aıýan, keıýana.

§7. уı (ый), іı (ій) дыбыс тіркестері сөздің барлық буынында ı әрпімен жазылады: ıgilik, ıman; kıim, tıyn, sıa, sıaqty; bı, tarıhı; ınstıtýt, kıno, granıt. (ый), іı (ій) дыбыс тіркестері сөздің барлық буынында ı әрпімен жазылады: ıgilik, ıman; kıim, tıyn, sıa, sıaqty; bı, tarıhı; ınstıtýt, kıno, granıt.

Е с к е р т у. Қосар уı (ый) әріптері тек sуı (сый), tуı (тый) түбірлерінен жасалған сөздерде жазылады: sуılyq, sуıymdylyq, sуıý; tуıym, tуıylý, tуıý.

ıy, ıi әріп тіркестеріне аяқталған етістікке көсемшенің ı (-й) жұрнағы жалғанғанда, екі ı әрпі қатар жазылады: baıy – baııdy, keıi – keııdi

§8. uý (ұу), úý (үу) дыбыс тіркестері cөздің барлық буынында ý әрпімен жазылады: ýyldyryq, ýyz, ýildeý; týys, qýyrshaq, gýil, tintýir; oqý, sý, jazý, kelý, barý.

§9. ю әрпі ıý әріп тіркесі түрінде жазылады: aıý, baıý, oıý, jaıý, súıý

Е с к е р т у. ı әрпінен кейін тұрған ю әрпінің орнына ý жазылады: qıý, jıý.

§10. я әрпі ıa әріп тіркесімен жазылады: qoıan, ıaǵnı, saıa.

Е с к е р т у. и (ı) әрпінен кейін тұрған я әрпінің орнына а жазылады: qıar, sıa, jarıa.

Дерек көзі: Egemen Qazaqstan

Латынша «Сөзді тап» ойыны